Алаяқтық – арсыздың ісі

Өзгенің ақысын жеу, біреудің ала жібін аттау, ұрлық қашаннан кісіні жақсылыққа жетелеген емес. Жаман пиғылдың арты адасу, адасудың арты қылмыс,қылмыстың өтеуі жаза екені белгілі. Қазіргі таңда алаяқтықты толықтай тоқтату мүмкін болмай тұр.
Өйткені қоғамда әртүрлі адам, әр түрлі көзқарас бар. Сондықтан алаяқтықтан сақтанудың бірден-бір жолы әр адамның құқықтық сауаттылығы дейміз. Күн сайын алаяқтар интернет желісінде өз кеңістігін кеңейтуде.
Адамдар желіде жарияланған кез келген мүлікті сату туралы хабарландыруларға сеніп, зиянкестердің құрбаны болады. Ештеңе білместен олар мессенджерлер арқылы банктік карталардың, жеке куәліктердің суреттерін бөтен адамдарға жібереді. Ақша көздерін ұсыныстармен тексермей аударылады. Осының салдарынан сан соғып қалған талай жағдайлар болған. Сондықтан біз сақтансақ, сақтайтынын қаперден шығармасақ дейміз.
Тауарды сатып алу немесе пәтерді төмен бағамен жалға алу ниеті алдын ала төлемді банк картасына жіберуге, нәтижесінде тауар (қызмет) немесе ақшаны қайтаруға әкеледі. Бұл ретте интернет-алаяқтықтың көптеген жолдары бар. Сонымен қатар республика бойынша көптеген микрокредиттік ұйымдар жұмыс істейді, онда 18 жасқа толған кез келген азамат жеке куәлігі, банктік шоты және абоненттік нөмірі болған жағдайда онлайн несие ала алады.
Көрсетілген деректемелерді алғаннан кейін сенімді азаматтарға әртүрлі микрокредиттік ұйымдарда онлайн қарыздар ресімделеді. Сондай-ақ зиянкестер кез келген жаңалықтарға бейімделеді, сондықтан алаяқтықтың бұл түрі тек әлеуметтік желілерде ғана емес, сонымен қатар басқа да интернет-сервистерде хабарландыру арқылы таратылады (OLX,Крыша, Kolesa.kz және т.б.).
Көптеген азамат әлеуметтік желілерде шотты жылжыту және бастапқы жарнамен ақша қаражатын көбейту туралы хабарландыруларды орналастыратын зиянкестердің құрбаны болады.
Ұтысты алу үшін «Qiwi әмиянына» бастапқы жарнаны аудару қажет. Әрі қарай жәбірленушіге букмекерлік кеңседегі ұтыс орын алғанын және ұтысты алу үшін «Qiwi әмиянын» қайтадан толтыру қажет екенін хабарлайды. Содан кейін алаяқтар жәбірленушінің аккаунтын бұғаттайды.
Бүгінгі таңда осы санаттағы қылмыстардың көпшілігі банктік карталарды қолдану арқылы жасалады. Алаяқтар өздерін банк өкілі ретінде таныстыра отырып, картаны қолданушыға қоңырау шалып, бұғаттауды және басқа да жағымсыз әрекеттерді болдырмау үшін картаны банк терминалы арқылы дереу тексеріп, оны іске қосу қажет екенін хабарлайды. Алаяқтардың одан әрі нұсқауларын орындау кезінде азаматтар өздері байқамай-ақ банк картасының деректемелерін және тіпті ПИН-кодты хабарлайды, нәтижесінде айтарлықтай ақша сомалары жәбірленушілердің карталарынан есептен шығарылады.
Мұндай жағдайларда азаматтарға қырағы болуға және өздерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға, интернет-алаяқтардан қауіп төндірмеу үшін тиісті тексерусіз бөтен адамдарға ақша жібермеуге кеңес беріледі.
Иә, біз бұған дейін алаяқтардың құрбаны болмау үшін оның алдын алуға негізделген бірнеше рет түсіндірме жұмыстарын жүргізгенбіз. Бастысы, ел осыдан сабақ алса дейміз.
Қай уақытта да сақтансақ, сақтайтыны қаперден шықпауы керек. Сонда ғана қылмыстың алдын алуға жол ашылады.

Алима СҰЛТАНҚЫЗЫ,
аудандық ішкі істер бөлімінің штаб тобының аға инспекторы,
полиция подполковнигі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *