Электр тоғының шекті бағасы көрсетілді.

4 наурыз күні аудандық мәдениет үйіне «Казэнергоцентр» ЖШС ұжымы келіп электро қуат жөнінде атқарылған жұмыстарын баяндап, алдағы таңда электрқуатыменмен жабдықтаудың шекті бағасының жобасын баяндады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңаарқа ауданындағы тұрмыстық тұтынушылар үшін 1 кВт/сағ үшін ҚҚСсыз 13,00 теңгеге дейін болатын, алдағы 2024 жылдан бастап электр желісі бағасының өсуі туралы пікір білдірді.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер, аудан тұрғындары жиналып көкейкесті сұрақтарын қойып жауап ала алды. Биылғы жылы электр сымдары ауыстырылып, баға саны тұрақты болмақ.
«Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру қызметін энергиямен жабдықтау қызметінен бөлу туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес 2007 жылы «Казэнергоцентр» ЖШС 2015 жылдан бері электр энергиясы нарығында жұмыс істеп, өзін электр энергиясын жауапты жеткізуші ретінде танытты. «Казэнергоцентр» ЖШС жарғысына сәйкес негізгі қызметі электр энергиясын сатып алу және сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сату болып табылатын энергиямен жабдықтаушы ұйым (энергиямен жабдықтауға 06.09.2019 ж. № 19018476 лицензия).
Бүгінгі таңда «Казэнергоцентр» ЖШС Балқаш, Приозерск, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларын, Жәйрем, Молодежный, Топар ауылдарын, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау, Ақтоғай аудандарының тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *