Интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары

Соңғы кездері интернет желісін пайдалана отырып, жа-салатын алаяқтық құқық бұзушылық фактілері көбеюде.
Адамдарды алдау үшін алаяқтар «Instagram», «Facebook », «Telegram», «Вконтакте» әлеуметтік желілерін, «OLX.KZ», «MARKET.KZ», «KOLESA.KZ», «KRISHA.KZ» сайттарын және «What’s App» мессенджерін пайдалануда. Олар жалған интернет-дүкендер, «фейк» парақшалар, сайттар ашып, түрлі тәсілдермен адамдарды алдап, сенімдеріне кіреді.
Мысалы, өзін “банк қызметкерімін” деп таныстырып, есепшоттағы ақшаларды бөгде адам түсіріп алайын деп жатқанын айтып, есепшоттағы ақшаларды резерв шотқа салуға сендіріп, әр түрлі халықаралық банк карталарына аударту арқылы иемденіп алуда.
Одан басқа, азаматтардың жеке мәліметтерін пайдалана отырып, әр түрлі микрокредиттік мекемелердің сайттары арқылы онлайн несиелерді рәсімдесе, «Instagram», «Вконтакте», «What’s App» әлеуметтік желілері арқылы және «OLX.KZ», «KRISHA.KZ», «KOLESO.KZ» сайттары арқылы парақша ашып, әр-түрлі (пәтер, автокөлік, оның бөлшектері, киім-кешек, аяқ-киім сату, пәтер жалға беру, жұмысқа орналастыру, несие алып беру, банктегі қара тізімнен шығарып беру қызметтері және т.б.) жарнамалар шығарып, интернет желісінен жүктелген тауарлардың фотосуреттерін жүктеп, арзан бағаға сатылатыны туралы жарнамалаған.
Жарнамаға қызығушылық танытып, хабарласқан адамдардан алдын-ала төлем талап етіп, «QIWI» әмияны немесе абоненттік нөмірге бірлік ретінде, сондай-ақ, банкоматтық карточкаларға ақша аударту арқылы немесе шығарылған шынайы жарнамаларға жалған қызығушылық танытып, сатып аламын және сол үшін ақша аударамын деп сендіріп, адамдардың банкоматтық карточка нөмірлерін және ұялы телефонына келген смс-код-тарды біліп алып, интернет-банкинг жүйесін бұзу арқылы есепшоттағы ақшаларды басқа есепшотқа аударып, иемдену де көрініс табуда.
Естеріңізде болсын:
-банкоматтық картаныздың нөмірін және CVV-кодын, ұялы телефонға банктен келген смс-кодтарды ешкімге айтпауды,
-жеке куәлігіңіз бен банкоматтық карточкаларыңыздың фотосуреттерін, банктердегі есепшот нөмірлеріңізді ешкімге жолдамауды,
-егер сіздің банкоматтық картаңызға ақша түссе, ол ақшаның нақты қайдан түскенін банк арқылы білуді,

-Күдікті сайттарға, «What’s App» мессенджеріндегі «ақша көбейтетін» топтарға кірмеуді,
-«AnyDesk» бағдарламасын ұялы телефонға қондырған кезде сақ болуды,
-«MetaTrader 4» платформасымен жұмыс жасағанда ерекше сақ болуды ескертеді.

Janaarkagazeti-akparat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *