Ретро стильде қызықты кеш

Қытымыр қыстың соңғы күнімен тұспа тұс келген қызықты да әсерлі қойылым аудан жұршылығына жол тартты. “Сағындырған әндер-ай” атты шоу бағдарлама 90 жылдың диско стилінде өтті.
Осындай қызықты шоу программа аудан әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асты. Жетекшісі — Ләззат Нұрланқызы. Кеш қонақтары ретінде аудан әкімі Қанат Шубайұлы, әкімнің орынбасары Әсет Жұмажанұлы және мәдениет және тілдерді

 дамыту бөлімінің басшысы Медет Файзрахманұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбек Жәнібекұлы қатысты.
Кешті алғы сөзімен бастаған аудан әкімі жиналған көрермендерді Алғыс айту мерекесімен құттықтады.

Осындай кеште көтеріңкі көңіл күй сыйлаушы барлық ұжымға және тұрғындарға алғысын жеткізді.
Ретро стильде өткен бұл кеш “Ақсарай” тойханасында тірі музбенд яғни жанды дауыста музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен өтті. Сол 70-80-90 жылдардың атмосферасы сезілген бұл кеште сол жылдары туып өскен аға- апаларымыздың билері, әндері таңқалдырды. Кеш қонағы ретінде Марат Досбаев ағамыз әуезді ән шырқады. Бұндай қызықты жобалар әлі талай жүзеге асатынына сенім мол.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *