Өзіңізді құрметтеңіз, жемқорлыққа жол бермеңіз!

Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар.Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл — заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiпқатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда тамыры тереңге жайылып бара жатқан сыбайлас жемқорлықпен күресу елімізде ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Әлемдегі барлық елдерде бұл әлеуметтік қасірет заң бұзушылықтың ең үлкен түрі бола отырып, әрбір елдің дамуына үлкен зиян келтіретіні анық. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуына ат салысар әрбір азамат үшін ең алдымен өзінің басты міндеті болып табылатындығын ұмытпағаны абзал.

Алмас ӘБДІҒОЖИН,
аудан әкімінің орынбасары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *