Қызылшаның емі – екпе

Қызылша жұқпалығы жоғары инфекция болғандықтан, ауа тамшылары арқылы таралып, екпе алмағандарға қауіп төндіреді. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы егулер 12 айлық (вакцинация) және 6 жастағы (ревакцинация) балаларға жүргізіледі. Аурудың алғашқы белгілері денені әлсіздік басып, қызу көтеріліп, бас ауруынан басталады. Егер денеде бөртпе байқалса, дәрігерге жүгіну керек. Ауру асқынуының алдын алу мақсатында ересектер немесе жасөспірімдердің емханаға келіп, қызылшаға қарсы екпе алуына болады. Ал, қызылшамен ауырған, зертханалық расталған ауру белгісі барларға қызылшаға қарсы вакцина алуға тыйым салынады. Сондай-ақ, әртүрлі себептермен қызылшаға қарсы егілмей қалған балалар мен ата-аналары мәденибұқаралық іс-шаралардан тыс қалып, ойын-сауық орталықтарының ойын алаңдарына баруды шектегені жөн. Егер, алыс-жақын шетелдерге бару жоспарланса, әлемдегі қолайсыз жағдайды ескере отырып, балалардың екпені уақытында алуына жағдай жасаған тиімді. Қазіргі таңда облыста мерзімінде екпе алмаған адамдарды анықтау бойынша шаралар жүруде. Осы орайда облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 6 айдан 10 айға дейінгі және 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарын, қызылшаға қарсы екпе алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға уақытылы жүгінуге шақырады. Сондай-ақ, қызылша, қызамық және паротитке қарсы жоспарлы иммундау аясында 1 және 6 жастағы балаларға уақытылы вакцина алу қажеттігін ескертеді. Вакцина тұрғылықты жері бойынша барлық егу кабинеттерінде емханаларда тегін жүргізіледі. Қызылшаға қарсы қосымша иммундау кезінде Үндістанда өндірілген қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина салынады. Әлемнің 70-тен астам елі қолданған вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымымен мақұлданған.

Жаңаарқа аудандық санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау басқармасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *