Ынтымақтасқан күрес заңсыздықты жеңеді.

Адам саудасына қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі мәселе болып табылады. 2021 жылдың 9 маусымында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қазақстан  Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент Жарлығын іске асыру үшін Үкімет іске асырылуы тиіс Адам құқықтары саласындағы 26 бірінші кезектегі шараларды айқындаған еді. Олардың ішінде — адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтауға, жазалауға және олардың алдын алуға бағытталған заңнама мен практиканы жетілдіру жөніндегі шаралар бар. Бұл үдеріске Қазақстанның бірқатар ҮЕҰ белсенді қатысуда. Тиімді ынтымақтастық көрші елдермен және халықаралық ұйымдармен жүзеге асырылады.
«Жасырын» сипатты ескере отырып, бұл процесте оң тәжірибемен және осындай қылмыстардың алдын-алудың сәтті стратегиясымен үнемі алмасу маңызды. Олардың құрбандары көбінесе әлеуметтік жағынан осал азаматтар болып табылады. Екінші жағынан, адам саудасы — бұл адамның бірқатар құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзуға әкелетін ауыр трансұлттық қылмыс. Бұл қылмыстың таралу деңгейі еңбек нарығының жай-күйін және адамның әлеуметтік қорғалуын бағалау көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Janaarkagazeti-akparat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *