Алаяқтық ауыздықталмай тұр

Қазақстанда қазір интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда. Рас, интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірімізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткіземіз, белгілі бір тауарларға сұраныс та артты. Бүгінде әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформалар тек ақпарат алмасудың емес, сауда-саттықтың негізгі алаңына айналды. Интернет алаяқтыққа құрық салу күннен-күнге қиындап барады. Уақыт талабына сай технологияның дамуымен қатар алаяқтықтың әдістері мен саны да өсіп келеді. Мұндай қылмыстарға жол бермеу, алдын алу еліміздің ғана емес, қазіргі таңда бүкіл әлем елдерінің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Интернет алаяқтықтың күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын алға тартқан полиция қызметкерлері азаматтарға күдікті қоңырау мен хабарламалар алғанда бірден банкке хабарласуға кеңес берді. Егер сізге белгісіз біреулер хабарласып, қандай да бір банктің атын атап банк карточкасы жайлы ақпарат немесе басқа да жеке мәліметтерді сұраса, ең алдымен сол банктің сенім телефондарына қоңырау шалып, ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған артықтық етпейді.

Janaarkagazeti-akparat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *