Балалар тентектігінен болатын өрттердің алдын алу

Жыл сайын елімізде орташа есеппен 500-ден аса өрт жағдайы балалардың отпен ойнауы себебінен туындайды.
Балалар өздерінің ойындарында үлкендерге еліктегенді жақсы көреді. Олар тоқ пештерді, үтіктерді, шәйнектерді қосады, пілтелерді, алауларды жағады. Осының нәтижесінде олар еріксіз өрттің шығуына кінәлі болады. Ата-аналар жиі балаларды пеш жағатын үйлерде, электржылытқыш қондырғылары бар,
жағылған пілтелері бар бөлмелерде қараусыз қалдырады.
Балалардың отпен ойнау себебінен туындайтын өртті болдырмау үшін не істеу керек: балаларға өрт қауіпсіздігі жөнінде әңгімелеп беріңіз; өрт қауіпсіздігі қағидаларын қадағалауға қатысты барлық жағдайларда үлгі тұтар болыңыз; балалардың қолы жететін жерлерде сіріңкелер мен оттықтарды қалдырмаңыз; пешті, газ плитасын жағуды, тұрмыстық электр қондырғыларын өз бетінше қосуды балаларға тапсырмаңыз; балалардың алау жақпауын қадағалаңыз; балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз; балалардың бос уақытын қызықты өткізуін ұйымдастырыңыз; Өрт болған жағдайда балаларды дұрыс әрекет етуге баулыңыз: -өрттің шығуын немесе жану (түтіндеу, температураның жоғарылауы, күйік иісі) белгілерін байқаған кезде жас бала дереу ересектерге немесе «101», «112» телефон номерлері арқылы өртке қарсы қызметке хабарлауы және бөлмеден шығып кетуі керек.
«Тыйым салынған тартымды келеді» дегендей, сондықтан балаға «Болмайды!» дегеннен гөрі бір қорап сіріңкенің салдарынан болатын қауіпті тағы да айта кеткен пайдалы.
Бұл кеңестерді балалар жадында сақтағаны абзал. Тек қана өз балаларымызға деген үлкен қамқорлықпен біз балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттердің алдын алып, өз үйімізді, мүлкімізді және ең бастысы-баламыздың өмірін сақтап қаламыз.

Жаңаарқа ауданының ТЖБ №6 ӨСБ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *