МАСАҢ КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРУДЫҢ САЛДАРЫ

Соңғы жылдары аудан аумағында көлікті мас күйінде басқару және олармен жасалатын жол-көлік оқиғасы күрт өсіп отыр.

Мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілер үшін жаза күшейтілгеніне қарамастан, құқықбұзушылықтар азаймай отыр.

2020 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен  жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру –  он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. Бұған дейін аталған бұзушылық бойынша тек 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген болатын.

 Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1,3,6,8-тармақтары бойынша 2022-жылы 37, ал 2023-жылы 59 құқық бұзушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

2023 жылы 39 адам 15 тәулікке қамалып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылса, 19 адам 20 тәулікке қамалып, 2  құқық бұзушысына зейнет жасына жетуіне және мүгедектігіне байланысты 690 000 теңгеден айыппұл салынды.

Салыстырмалы түрде қарасақ, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Жаңаарқа аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 6 адам, ал өткен жылдың дәл осы мерзімінде 2 адам ғана әкімшілікке жауапкершілікке тартылған.

Бұл-дегеніміз мас күйде автокөлік жүргізгендер үшін жазаны қатаңдатылғанына қарамастан, адамдардың заң талаптарын елемей, тәртіпке мойынұсынбаушылық танытуы деп білеміз.

Сонымен қатар, жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлікті қайта заңсыз басқарып, ұсталғандардың саны да артып отыр. Атап айтқанда, 2023 жылы сот қаулысымен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған 4 құқықбұзушысы ұсталып, оның екеуі 10 тәулікке қамалса, 2 адамға 120 750 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беру бойынша- белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық

жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Атап өтсек, 05.10.2023 жылғы сот үкімімен Жаңаарқа ауданының М есімді тұрғыны 2020 жылғы сот қаулысымен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта масаң күйде көлік басқарғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Бұл ретте мас күйде көлік құралын басқару біріншіден өзіңіздің және  өзгелердің өміріне қауіп төндіріп, мүліктеріне зардап әкелуіне, тұрақты жұмысынан айырылуына әкеп соқтыратынын ескертеміз.

Жаңаарқа ауданы прокуратурасы Сіздерге жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, қасақана жасалатын құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырады.

Д.Е. Алипбаева

Жаңаарқа ауданының прокуратурасының прокуроры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *