Жаңаарқа ауданының прокуратурасы жалғасып жатқан алаяқтық фактілері туралы хабарлайды

Қазір көп жағдайда қылмыскерлер телефон соғып, өздерін ұялы байланыс операторлары ретінде таныстырып, көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қойып, содан кейін SMS-кодын сұрай бастайды.
Сонымен қатар, қылмыскерлер өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырып, код немесе құпия сөз сұрап, сол мәліметтер арқылы сіздің атыңыздан заңсыз онлайн-несие алады.
Құрметті аудан тұрғындары, өзіңізді алаяқтардан қорғаңыздар, жеке ақпаратты, кодтар мен құпия сөздерді ешкімге бермеңіздер және ұялы телефонға тексерілмеген қосымшаларды орнатпаңыздар.

Жаңаарқа ауданының прокуратурасы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *