Масаң күйде көлік басқару қоғамға қауіпті

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселесі бойынша заңға қол қойып, мас күйде көлік басқару және тағы басқа бірқатар қауіпті құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтті.
ҚР ӘҚБК-нің 608-бабына сәйкес, жүргізуші көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырудан – жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Сонымен қатар, Қылмытық кодексінің 345-1-бабында алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масан күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға,не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырудан, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұдан бөлек, ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып,бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Заң күшейтілгенімен,масаң күйде көлік жүргізетіндер азаяр емес. Жалпы, жол-көлік оқиғалары адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні анық. Сонымен қатар,зардап шеккендер мен олардың отбасы мүшелеріне ауыр соққы болатыны да жасырын емес. 
Сондықтан күн санап саны артып келе жатқан автокөліктердің жүргізушілеріне қатысты заңнама талаптары қатаюы уақыт талабы болып отыр. Осы ретте,автокөлік жүргізушілері өз өміріне және өзге адамның өміріне қауіп тудырмау үшін масаң күйде көлік жүргізбеу қажет деп санаймын.

Б.КАРИМОВА,
Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *