Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды!

Есірткі қылмыстары ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі және қауіпті құқық бұзушылық болып табылады. Жылдан — жылға, осы зиянды құмарлықпен айналысатын азаматтардың саны көбейіп, келеңсіз тенденция байқалуда.
Мемлекеттік органдар мен халықтың міндеті — есірткісіз қоғам құру. Бұл салада дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының, қоғам мен отбасының бірлескен іс-әрекеттері өте маңызды.
Қазақстан Республикасы есірткіге қарсы көптеген халықаралық жобалар мен келісімдердің қатысушысы болып табылады. Елімізде есірткі қылмысымен күресу үшін заңдар мен күрес тетіктері қарастырылған.
2020 жылдың 10 қаңтарында Қылмыстық Кодекске есірткі қылмыстары үшін «электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы» жаңа саралау белгісі еңгізілген.
Осыған орай, ҚР ҚК 297-бабына сәйкес есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз пайдалану, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылғанын ескертеміз.

И.БЕСТАЙБЕКОВ,
Жаңаарқа ауданы прокуратурасының прокуроры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *