АНАШЫМ — АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Адалдығынан айнымаған, қанатты қағидасын қазық еткен асыл анамыз Күләш Ахметқызы Бабашева әнмен жырдың фабрикасы атанған алтын бесік Ақтоғай ауданына қарасты.
Қаратал ауылының тумасы. Киесінен арқар үркіп сүрінген,ұшса сұңқардың қанаты талатын, көсілсе тұлпардың тұяғы тозатын қасиетті өлкеде Алаштың арыстары мен қу дауыстары құлындамаған қулықты иіткен дарынды әншілердің ізгілікті ізі қалған. Бала кезінен зейіні зерек, қабілеті қарымды, ынтасы ыждаһатты өрімдей Күләшті асқақ арман өсірді.
Ұшқыр қиялы қияндағы қияларға қанаттандырды. Күләш Ахметқызы жастайынан телегей тектілермен тума таланттардың тұлғалық тұғырана қарап ой мен бой түзеді.Таудай талабы оны тек білімнің бедерлі биігіне жетелегенін айтады, ет жақындары. Болмысы бөлек, талғамы ерек бойжеткен екінің бірі, егіздің сыңарына қонақтамайтын асыл қасиетінің арқасында Қаратал ауылындағы орта білім беретін мектепті үздікке тәмәмдайды. Асыл анашым Жезқазған педагогикалық институты физика –математика факультетінің тас түлегі.Әрбір сөзі даналықтың өлшемі саналған Күләш анамыз еңбек жолын Жаңаарқа ауданына қарасты Алғабас негізгі мектебінде физика-математика мұғалімі болып бастайды. Мұғалімдік мехнаттың жолында талай жыл табандап тер төкті.
Ұстаздық ұстыны мен ұлы мұраты ұйысқан Күләш Ахметқызы мыңдаған шәкірттің санасында білімнің сәулесін жағып, түйсік түкпіріне тәлім мен тәрбие ұялатты. Ал, майталман маман 1992-1998 жылдар аралығында аталған білім мекемесінде тәрбие ісінің меңгерушісі лауазымында мүлтіксіз, кіршіксіз атқарды. Сол жылдардағы еселі еңбегі мен темірдей тегеурінділігін аудан басшылары барынша жоғары бағалады. Күләш Бабашева қызметтегі білімі мен білгірлігінің нәтижесінде Алғабас негізгі мектебінің директоры міндетінде бірнеше жыл абырой биігінен аласармай еңсерді. Білікті басшысының аты ауданда атырабынан бөлек, аймаққа кеңінен танымал. Оған жарқын жетістігі мен мақтау марапаттары айқын дәлел екені даусыз. Кез-келген шешімді тәуелсіз мақұлмен емес, тәубәлі
ақылмен бағамдайтын Күләш Ахметқызы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, облыстық білім бәсекелерінде шәкірттері үздіктердің қатарынан көрініп, қара үзген. Қолы берекелі Күләш анамыздың ақ дастарханы үнемі бір жиылмаған.Мейіздей сүр ет пен бал қымыз үнемі арылмаған. Санаулы ғұмырында Күләш анамыз қарашаңырақтың ұйытқысы айналғаны жалпақ жұртқа аян.
Асқар тау әкеміз Сүндетулламен қырық жыл отасқан асыл анамыз ғибратты ғұмырында мәнді де, мағыналы өмір сүрді. Әлемнің жарығын сыйлаған қыздары мен ұлынан немере сүйді.Қарашаңырақтың алтын діңгегіне айналған көреген келбетті Күләш анамыз Сара қайынапасын тура бір туған әпкесіндей қадірлей білді. Аяулы анамыз сыйластық деген ұлы ұғымды тұғырынан түсірмеді. Қасиетті қарашаңырақтың тірегі мен білегі саналатын үшеуінің ежелден еншілері бөлінбегені елге жақсы мәлім. Алайда ажал атты аждаһаға ешкімнің қарсы тұра алмайтыны ақиқат. 2024 жылы қаңтар айының он бірі күні аяулы анамыз келместің кемесіне мініп кете барды.
Марқұм анамыз Күләш Ахметқызының қырық күндік асы ақпан айының 16 күні «Жаңаарқа» мейрамханасында түскі сағат 14:00-де өтеді. Аяулы анамыздың рухына бағышталып оқылатын құранға келіп, қол жайыңыздар. Қадамдарыңыз сауаптан болғай.

Жанбота Рахметуллаұлы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *