Ерен еңбек еленеді

Анар сайлауқызы Әлмусина
Анар Сайлауқызы 8 наурыз 1967 жылы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Атасу кентіндегі В. И. Ленин атындағы орта мектепті аяқтап, Жезқазған қаласындағы медициналық училищесіне оқуға түседі. 1988 жылы осы оқу орынын ойдағыдай аяқтап, фельдшеракушер мамандығын алып шығады.
Еңбек жолын Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасының патология бөлімінде бастайды. 1989 жылдан Айнабұлақ ауылының учаскелік ауруханасына келіп жұмысқа кіріседі. 1991 жылы ауыл азаматы Зейнулла Кәрібеков екеуі отбасын құрып, екі ұл тәрбиелеп өсірген өнегелі отбасы.
Жолдасы да өзімен бірге жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі болып қызмет атқарған еді, тамыз айында арамыздан о дүниелік болып кете барды. Кезінде дүркіреп тұрған ауылдық аурухана өкінішке орай, заман ағымына қарай жабылып қалып, қазіргі кезде медициналық пункт болып қалды. Жалғыз медициналық қызметкер Анар Сайлауқызы ауыл тұрғындарына қызмет етуде. Уақытпен санасатын жұмыс емес болғандықтан әрқашан қолынан келетін көмегін аямаған, талай балақайдың кіндік-шешесі атанған Анар Сайлауқызы әрдайым тұрғындарға аянбай қызмет етуде. Еңбегі бағаланып әкімшілік тарапынан талай марапатқа ие болған, Анар Сайлауқызы тұрғындардың да алғысы мен ризашылығына бөленіп отырған өз ісінің маманы. Ауылдастарына сыйлы, ибалы келін, сүйікті жар, ардақты ана ретінде де, ауылдың іс-шараларына қатысып, ұйымшыл екенін де көрсете білді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *