Адам саудасына қарсы қоғам болып күресу керек

Адам саудасы адам құқықтарын өрескел бұзу болып табылады және халықаралық заңнамада қауіпті қылмыс болып есептеледі. Қоғам дамыған қазірдің өзінде де әлемде адам саудасы қызып тұрғаны жасырын емес. Бұрынғы заманда адамдарды жұмыс істету үшін құлдықта ұстаса, қазір адам саудасын жандануына себепші болатын себептер жетіп артылады.
Сарапшылардың бағалары бойынша әлемде 2,5 миллионға жуық адам қазіргі заманғы құл алыпсатушылардың қолында. Жыл сайын мыңдаған ер адамдар, әйел адамдар және балалар өз елдерінде және шет елдерде адам саудалаушылардың қолына түседі.
Адам саудасы қылмысының құрбаны болмау үшін өз құжаттарыңызды ешкімге сеніп тапсырмаңыз, өз құжаттарыңыздың көшірмелерін және шетелдегі жүрген жеріңіз туралы ақпаратты жақындарыңызға қалдырыңыз, шетелдегі жұмыс, оқу немесе неке туралы қызықтыратын ұсыныстардан аулақ болыңыз, сенімді ақпарат көздері арқылы қабылдайтын тарап туралы ақпаратты тексеріңіз, шығуға байланысты қол қоятын барлық құжаттарды егжей-тегжейлі зерделеңіз, бара жатқан елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілділігінің байланыс деректерін анықтаңыз. Соңғы жылдары АҚШ Мемлекеттік департаменті БҰҰ-мен, басқа да көпжақты ұйымдармен, қабылдаушы ел үкіметтерімен, үкіметтік емес ұйымдармен, зардап шеккендермен және басқа да құқық қорғаушылармен адам саудасынан азат әлем құру үшін қажырлы күрес жүргізіп жатыр. Мемлекет әрине қиын жағдайға түскен өз азаматын қорғайды. Бірақ әр адамның көзі ашық, көкірегі ояу болса өз басын саудаға салуға жол бермейтіні анық. Сол сияқты құқық қорғау органдары да азаматтардың алдап-арбайтын ұйымдарды тез арада анықтап, олардың жұмысына тосқауыл қойып отыруы шарт. Біздер адам саудасының түбіріне балта шабу үшін қоғам болып күресуіміз керек.

Janaarkagazeti-akparat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *