Жаңа Жолдау – өмірге қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты қаңтар айының 19-шы жұлдызында Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында әкімшілік, кітапхана, мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлескен «Жаңа Жолдау –өмірге қолдау» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Мақсаты -Жолдау туралы түсінік беру, еліміздің өркендеп-өсуіне септігімізді тигізе отырып, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауынан кемел болашақтың арайлы ақ таңын көретіндейміз. Президентіміз қазіргі қоғамда бәсекелестікті дамыта отырып, бір біріне мүмкіндік беру айрықша маңызға ие екендігін атап өтті. Әрине, бәсекелестік бар жерде өнімнің сапасы артып, даму болатыны сөзсіз. Әділетті Қазақстан құру жолында ең алдымен өркениеті дамыған қоғам құру маңызды. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жолданған бұл Жолдаудың ерекшелігі басым.
«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білген, ауызбірлігі жарасқан елміз. Еліміздің көркейіп, экономикасының дамуына, сапалы білім беруге әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Жаңа, Әділетті Қазақстан құруда бірлесе жұмыс атқарып, дамыған Қазақстанымыздың жаңа көрінісін көрсетуге барлығыңызды шақырамын.

Айгүл Ботбаева,
Байдалы би ауылдық округінің үлгілі кітапханасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *