Адал азамат — адал еңбек

Салтанат Сағындыққызы Сақабаева
Салтанат Сағындыққызы Сақабаева 1976 жылы 4 желтоқсанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Қарқаралы ауданы, Қарағайлы поселкесіндегі №17 қазақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1993 жылы аталған мектептің 11 сыныбын бітірді. 1993 жылы Абай атындағы Саран педагогикалық училищесіне түсіп, 1995 жылы аталған оқу орнын бітірді. 1995 жылдан Жаңаарқа ауданы, Талдыбұлақ ауылындағы Талдыбұлақ ЖББ мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарады.
2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне сырттай оқуға түсіп, 2005 жылы осы оқу орнын бітірді. Бүгінгі күнде осы мектепте еңбек жолын жалғастыруда. Қазіргі кездегі осы мектептегі еңбек өтілімі 28 жыл.
Біз өсіп келе жатқан жас шыбықпыз. Ал оның бағбаны – мұғалім. Жанашыр ұстаздарымыз еліміздің үкілеген ертеңгі үміті – бізді шың басына апарады. Салтанат Сағындыққызы қаншама шәкірт тәрбиелеген құрметті ұстаз! Ұстазды ұлықтасақ, қоғамда ойып тұрып орын алар азамат болып өсеріміз де даусыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *