Адал азамат — адал еңбек

Сайлаукүл Иманқұлқызы Дуанбекова
Сайлаукүл Иманқұлқызы 1975 жылы 15 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы ауылында дүниеге келген. 1982 жылдың бірінші қыркүйегінде Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы ауылында Ордженикидзе атындағы орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданады. 1992 жылы осы мектептің 11 сыныбын үздік тәмәмдап, Қарағанды мемлекеттік университетіне филология факультетінің “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығына оқуға түсті. 1994 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылының тұрғыны Төлеуғали Мәжікенұлы Толегеновпен некелеседі. 2002 жылы қайта Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсіп, 2007 жылы аталмыш университетті аяқтады. 2005 жылы Талдыбұлақ орта мектебіне педагог-психолог болып жұмысқа орналасты. 2014 жылы Болашақ академиясынының «Педагогика-психология» факультетіне түсіп, 2016 жылы аталмыш университетті бакалавр академиялық дәрежесімен тәмамдады. Аталған мектепте 17 жылдан бері жұмыс атқарып жатыр. Сайлаукүл Иманқұлқызы бес баланың анасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *