Құрметті Жаңаарқа ауданының тұрғындары!

Өзімізді және жақындарымызды интернет-алаяқтардан қалай қорғай аламыз? Ол үшін келесі ақпараттарға назар салыңыз! Азаматтар өздерінің жеке деректерін, пластикалық карталардың реквизиттарын ешкімге хабарламауы қажет. Егер банк карточкаңыздың бұғатталғаны туралы телефоныңызға қоңырау шалса немесе SMS-хабарлама жіберілсе онымен байланысқа түспестен бұрын, өзіңіздің банк бөлімшеңізге барыңыз немесе оның ресми Cаll-орталығына қоңырау шалыңыз. Интернет арқылы сауда-саттық жасағанда бағасы тым арзан заттарды (автокөлік, пәтер, ұялы телефон т.б.) алуға қызықпаңыз және ол үшін алдын ала ақшалай қаражатты жіберуге асықпаңыз. Бағалы заттарды ұтып алғаныңыз туралы хабарлама (автокөлік, пәтер, ұялы телефон және т.б.) алған жағадайда, өзіңізге таныс емес адамдардың есепшоттарына ешуақытта ақша аудармаңыз. Сатушымен тауарды алғаннан соң ғана төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз. Электрондық поштаңызға, әлеуметтік желідегі аккаунтарыңызға және телефоныңызға келіп түскен белгісіз интернет-ресурстарға сілтеме арқылы кірмеңіз және онда көрсетілген сұрақтарға жауап бермеңіз. Белгісіз және тексерілмеген сайттар мен басқа да дереккөздерге жеке деректерді енгізбеу қажет. Сізге төлем жасау үшін жіберілген сілтемелерді немесе белгісіз байланыстардан жолданған СПАМ-жіберілімдерді ашпаңыз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік сілтемелерге өтуді ұсынады. Банкинг қызметтеріне қол жеткізу үшін құпия кодтарды үнемі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз. Есеп-шоттағы ақша қозғалысын жиі тексеру қажет. Мұндай шаралар алаяқтықтан аулақ болуға және өз ақшаларын сақтап қалуға көмектеседі. Интернет желісі арқылы ұшақ, темір жол билеттерін сатып алу барысында тек тексерілген белгілі ресми сайттарды ғана қолданғаныңыз дұрыс. Жеке сипаттағы мәліметтерді (ЖСН, ұялы телефон нөмірі, банк реквизиттары, геомәліметтері бар фотоларды және т.б.) ашық көздер (әлеуметтік желілер мен мәссенджерлер) бойынша беруге және жариялауға болмайды.

Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *