Адал азамат — адал еңбек. Ұлағатты ұстаз жолы

Күлшат Жәкенқызы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылында 1966 жылы 1 қазанда дүниеге келген. Ынталы орта мектебінде 1-8 сыныпқа дейін білім алды. 1982 жылы Жезқазған педагогикалық училищесіне түсіп, 1986 жылы тәмәмдайды. Еңбек жолын алғаш рет Ынталы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастайды.
1989 жылы отбасын құрады. Сонымен қатар «Жартас» мекемесінде бастауыш мектептің меңгерушісі болып тағайындалады. Сондай-ақ, мекемеде 1993 жылға дейін меңгеруші болып қызмет атқарады. Қызмет бабы бойынша жолдасы екеуі «Қызылшоқы» мекемесінде жас маман ретінде қызмет етеді. 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін “Жаңаарқа жалпы орта білім”беретін мектебінің директоры болып қызмет атқарып келеді. Күлшат Жәкенқызы аяулы жар, үлгілі ана 3 ұл 2 қызды тәрбиелеген. Қазіргі таңда аяулы әже, немерелері, жиендері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *