Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары — басты назарда

Жаңаарқа ауданының әкімдігінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар тоқтаусыз жүргізіледі. Жыл басында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу комиссиясының жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес комиссия отырысы әр бір тоқсан сайын өткізіліп тұрады.
Барлық мекеме, бөлім басшыларының әлеуметтік желілерде жеке парақшалары бар. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының тарапынан туындаған мәселелерді тыңдап, оңтайлы шешуге арнайы топ (телеграмм-канал zhanaarka online bot) құрылған. Осы топта және жоғарыда аталған әлеуметтік желілерде аудан тұрғындарының өз мәселелерін айтуға толық мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, онлайн режимде тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеміз.
Заңының 8 бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу жүргізіледі.
Аудан әкімдігі жанында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылған. Бекітілген кестеге сәйкес 2023 жылы мемлекеттік мекемелерде және квазимемлекеттік секторде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау өткізіп, талдамалық қорытынды Ұлытау облысы әкімінің аппаратына жолданады.
2023 жылдың тамыз айында «Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілді. Қазіргі таңда, Жаңаарқа ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жауапты тұлғалар тағайындалды. Жауапты тұлғаның атқарылған жұмыстары бойынша есебі тікелей эфир арқылы тындалады. Аудан орталығының халық көп шоғырланатын жерінде орналасқан LED-экранда бейнеролик көрсетіліп, акциялар өткізіліп, 4000-нан астам брошюралар мен флаерлер таратылды, орталық көшелерінде 2 тақырыптық баннер орнатылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары және «Сарыарқа-адалдық алаңы» бағдарламасы бойынша атқарылған шаралар күнделікті интернет ресурстарда жарияланады.
«Адал көмек» жобасы аясында аудан әкімдігінің инстаграмм, фэйсбук парақшаларында тікелей эфирде аудан әкімдігінің мекеме басшыларымен қызметкерлері аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетуде. Аптасына кемінде 2-3 реттен жыл басынан 24 тікелей эфир өткізілді. Тоқсан сайын жасырын түрде сауалнама жүргізіліп, қызметшілердің моральдік психологиялық жағдайы зерттеледі. Ол жерде 338 мемлекеттік қызметкер сауалнама тапсырды. “Мемлекеттік қызметшілерінің әдептік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралары” бойынша мемлекеттік мекемелерде тұрақты түрде шаралар, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша кездесулер өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар алдағы уақытта да тоқтаусыз жүргізіледі.

Әсет Жұмажанұлы,
Аудан әкімінің орынбасары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *