Ерен еңбек еленеді

Шуданбеков Шәлен Шуданбекұлы

Шәлен Шуданбекұлы 1947 жылы Ақтау совхозының «Қызылтас» жерінде туған. 1965 жылы В.И.Ленин атындағы орта мектепті бітірген соң, Алматы зооветеринарлық институтына түсіп, оны 1970 жылы зоотехник мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1970 жылы Бидайық совхозынан бөлімше зоотехнигі, аға зоотехник қызметтерінен бастаған. 1972-1974 жылдары Целинный совхозының бас зоотехнигі, 1074-1980 жылдары Жаңаарқа ауданы ауылшаруашылық басқармасының бас зоотехнигі. 1980-1985 жылдары аудандық партия комитетінде нұсқаушы, ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып істеген. 1985 жылдың желтоқсан айынан бастап 1990 жылдың наурыз айлары арасында Айнабұлақ совхозында директор болды. 1987 жылы Айнабұлақ совхозы мемлекетке 1 млн. пұт астық берді. Осыған байланысты кеңшар директоры КСРО Орталық Комитетінің, Министрлер Кеңесінің, Кәсіподақ ұйымының мақтау қағазымен және алғыс хаттармен марапатталды. 1990-1995 жылдары совхоз тарағанша Целинный совхозының директор болды. «Еңбек ардагері» медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. Жұбайы — Айнагүл Тишмағанбетова ҚазМУ- дың тарих факультетін бітірген. Жанұяларында 3 ұл бала тәрбиеленіп, барлығы өмірден оз орындарын тапқан жандар. Бүгінгі күні еңбегінің жемісін, немерелерінің қызығын көруде. Ол кісі үнемі жастарға: «Еңбектің наны тәтті аянбай, қолдарыңнан келгенше еңбектеніңдер»,-дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *