Еңбегі көптің — өңбегі көп

Сандуғаш Рамазанқызы Таласбаева

Сандуғаш Рамазанқызы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында 1975 жылдың 4 маусымында дүниеге келген. 1998 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің “Тарих және әлеуметтік саяси пәндерінің оқытушысы” мамандығын алып, 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің “Филолог” оқытушы мамандығын алған.
Білім саласындағы еңбек өтілі жиырма жеті жыл. Атасу стансасындағы негізгі мектепте жұмыс тәжірибесін бастап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып 1995 жылдан бастап 2006 жылға дейін жұмыс істеген.
2006 жылдан бастап Атасу кентіндегі Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжде кадр жөніндегі инспекторы болып және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
оқытушысы болып қызмет атқарған.
2021 жылдан бастап Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің оқушылар үйінде әдіскер болып қызмет атқарып, қосымша білім беру саласында елеулі еңбек етуде. Білім саласына қосқан үлестерінің нәтижесінде 2014 жылы «Лидер образования» төс белгісімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *