Еңбегі көптің — өңбегі көп

Әйгерім Ақансеріқызы Әбікеева

Әйгерім Ақансеріқызы сахнада 3 жасынан бастап ән айтып, би билеп жүр. Алғашында экономика бухгалтерлік есеп және аудит мамандығын таңдаған, Әйгерімнің өнерге деген іңкәрлігі сахнамен қайта қауыштырды. Ол студент кезінде «Астана — KZ» байқауында бас жүлдесін жеңіп алды. Аудан көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса жүріп, оның ұйымдастырушылық қабілеті де арта түсті, өзінің іздемпаздығының арқасында өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды. Жаңа әндер, жаңа образдар жасауда әрдайым өзінің талантты әнші екенін көрсетуде.
Қызметтен қол үзбей жүріп Тәттімбет колледжінің бұқаралық іс шаралар режиссері мамандығы бойынша бітірді. Талай байқауларда үздіктер қатарынан көрінген Әйгерім көптеген халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда топ жарды. Ұйымдастырушылық қасиеттерді алдыңғы буын аға – апаларынан үйренген ол, көрермен көзайымына айналған әнші. Айгерімді жұмыс пен бала тәрбиесін қатар алып жүрген Тәуелсіз Қазақстанның нағыз әйел – ана тұлғасы десек те болады. Жолдасы Айбат Әбеновпен бірге 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы.
Әйгерім іздемпаз, жеке кәсіпкер, он саусағынан өнер тамған қол өнер шебері, бүгінде аудан әкімінің қайтарымсыз грантының иегері. Әйгерім тіккен оюлы көрпелер Жаңаарқа тұрғындарының үй жасауларының көркі болуда, әжелеріміздің мұрагеріндей қазақи нақыштағы қыз жасауын жасауда ол қазақы оюларға қазақи рең беріп көпшілік көңілінен шығуда.
Сонымен қатар, үйдегі бес баламен оның ішінде ерекше туылған Рамазан атты баласын ел қатарына қосу жолында тәрбиелеп ғана қоймай өзі қызмет атқаратын
«Қарлығаш» балабақшасының бүлдіршіндеріне өнердің, қазақы салт-дәстүрдің қыр-сырын үйретуде өзгеге үлгі болуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *