Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Бүгінде біз – көк туымыз желбіреп, қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне 32 жыл толды.
Осы уақытта көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізген, парасатты да көреген саясатының нәтижесі ретінде орнады. Экономикасы дамып, халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге жетті. Өзге елдермен арадағы қарым-қатынастар реттеліп, халықаралық саудаға шығуға мүмкіндік алды. Жастардың шет елдерде оқуға, сол жерде алған білімін Отанында қолдануға мүмкіндіктері пайда болды. Қазіргі таңда спорттан ұйымдастырылатын олимпиада, спорттық ойындарда қазақстандық бауырларымыз жоғары орындардан көрініп, ел беделін көтеруде. Еліміздің әнұраны бүкіл әлем алдында жиі ойнатылып, Қазақстан деген мемлекет күннен-күнге әлем үшін жаңа белестерден көрінуде.
Осы 32 жылда қазақ елі көптеген жетістікке жетті. Өз туымызды көкке желбіреткен олимпиада жеңістері, төл теңгеміздің шығуы, ЭКСПО көрмесінің өту беделіне ие болуымыз, егемен еліміздің айбынын асқақтата түсті. Мемлекетіміз әлемге өзін мойындату жолында өз алдына қарыштап дамуды мақсат етті. Сол мақсатқа жетіп, қазір әлем таныған алпауыт мемлекеттермен тереземіз теңелді. Ең алдымен, жер көлемі жөнінен тоғызыншы орынды иеленген Қазақстан көпұлттылығымен аты шықты. Алтайдан-Атырауға дейін созылып жатқан жерді иемденген қазақ халқы қашан да бауырмал. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген жат жұрттардың бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.
Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Сондықтан, бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз –Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Ендеше әрқашан да әрқайссымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызда көк туымыз әрдайым желбірей берсін!

Жалғас Дүйсенбай,
жастар ресустық орталығының маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *