Тұғырлы болған Тәуелсіздік

Қазіргі таңда тәуелсіздігімізге 32 жыл толып отыр,қаншама уақыт,қаншама еңбек. Тәуелсіздіктің қастерлі тарихын пайымдау — бүгінде қоғамымызда берік орныққан ұлы дәстүр. Қазақстанның бүкіл әлем танып, жоғары бағалаған, өз халқы мақтан тұтып, көздің қарашығындай сақтап құрметтейтін күні.Сол бір тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде көптеген
өзгерістер болды,Ұлттық вальюта өз құнын иеленіп «Теңге» тарихи атауға ие болды.
Жастарымыздың «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемдік үздік білім орындарынан тәжірбие ала отырып жасаған ауқымды жобалары еліміздің көркейіп,өсуіне өз үлесін тигізуде. Еліміздегі кімнің болса да жерасты еңбегінен ғарыштық даңққа дейінгі аралықтағы мерейлі табысы Тәуелсіз мемлекетіміздің жемісі екенін айту азаматтық ниетіміздің адалдығын білдірмек. Біздердің, қазақстандықтардың, бағымыз да, құтымыз да – ұлы Тәуелсіздігіміз. Ел Тәуелсіздігін бағалап, қадірлеп, ұрпақтан ұрпаққа абыройын асқақтатып аманат етіп тапсырып отыру парызы – бәріміздің де бақытымыздың қайнар көзі. Ол Қазақстан тағдырымен әрқайсысымыздың тағдырымыздың біртұтас бірлігінен туындайды.Тәуелсіздік – мемлекетіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі.
«Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» деп президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, Ұлтымыздың ұлы жеңісі – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!

Аружан Рысқалиқызы Тұрдалы,
Жастар ресурстық орталығының маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *