Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 32 жыл. Отыз екі жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес, зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.
1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз Президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды.
Бүгінде зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқан ана мен баланың да бақытты шағына жетуі де батыр ата-бабамыздың арқасы.
Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеміс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.
Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.

Саулеғаным Орынғожина,
аудандық Аналар кеңесінің төрайымы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *