Ұлттық намысымызды оятқан Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні елімізде жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтілетін маңызды мемлекеттік мереке. 1991 жылы осы күні Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады.
Тәуелсіз Қазақстанда экономикалық реформалардан басқа, Республиканың халықаралық аренадағы беделін айтарлықтай арттырған саяси реформалар жүргізілді.
Қазақстан халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшесі болып табылады, батыс және шығыс мемлекеттерінің сенімді серіктесі ретінде белгілі. Өнерде ел Тәуелсіздігінің бейнесі Алматыда орнатылған және 1996 жылы ресми түрде ашылған Қазақстан Тәуелсіздігінің орасан зор монументі болды.

Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Эльмира Акимова,

О.Жұмабеков атындағы ТМ кітапханашысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *