Мемлекет басшысының Жолдауларында айтылған бастамаларының орындалысы туралы

Мемлекет басшысының Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауы жыл сайын ел әлеуетін арттыруға аса зор ықпалын жасап келеді. Дәстүрлі түрге айналып, осы жыл нәтижелі аяқталып, келер жылға нақты басымдықтарға ие болатын, міндеттемелерді жинақтап жеткізетін Жолдаудың артықшылықтары көп.
Өткен жылға айналып бара жатқан 2023 жылдың негізгі мақсаттары да пысықталуда. Президенттің халықтың тұрақты экономикалық әрі саяси-мәдени дамуына зор мән беріп, ел игілігі жолындағы атқарып жатқан істері жылдан жылға артуда.
Өмірлік маңызды мәселелерді қозғап, су сапасы мен қолжетімділігі,көлік логистикасы саласы, цифрландыруды әрі қарай дамыту, қоғамдыинновацияларды қабылдауға бейімдеу, сонымен қоса Қазақстанды заманауи бағытта технологияларды қолдану бейімділігін арттыру үшін IT елге айналдыруды маңызды міндеттер қатарына кіргізді. Сонымен қоса, халықтың табыс жағдайын көтеру үшін экономикалық өсімді арттыруды көздеген, жалақы мөлшерін жоғарылату бойынша тапсырмалары да келер жылдың ең алғашқы жақсы жаңалығына айналмақшы. Жыл сайын табыс көзінен өсім болғаны елдің де ертеңге деген сеніміне сенім қоспақ. Өндірістің барлық сатысын елде дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар да орындалып жатқаны еліміздің әр өңірінде көрініс табуда. Отандық өндірушілерге деген қолдаудың арқасында алыс шет елдерге де қазақ менталитетінің үлгілері, қазақи нақыштағы брендтік өнімдер әлемнің әр жеріне тарауда. Бұл да Президентіміздің халыққа деген жасап жатқан игілікті істерінің бір бөлшегі. Осы жылғы Жолдаудағы басым бағыт экономикалық дамуға арналғанымен, оның түбінде барлық жағдай біздің, яғни халықтың әлеуетін арттыруға бағытталғаны белгілі. Әлеуметтік салада балалар мен жастардың жағдайын назар аударуы да көңіл қуантады. Ел ертеңі –жастар депұрандатқанымыздың түп негізі, осы балалар мен келешек жастардың елім деп еміренгеніне ерім деп қолдау беруімізге кеп тұрақталады.
«Отбасыбанк» қызметін қайта жаңғырту, мүмкіндіктерін көбейту мәселері де халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынып жатқанына көңіл жылиды. Қарапайым халықтың ертеңге деген үмітін, Әділетті Қазақстанның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашылуына деген сенімінің жоғалмай, айқын бағытпен ел ертеңі деп еңбек етуінің бірден-бір кепіліне айналар осындай істердің орындалып жатқанына қуаныштымын. Президенттің кемел келешекке жол бастайтын Жолдауы негізінде жасалынып жатқан барлық жаңа реформалар көңілге қуаныш ұялатады және нәтижесі елімізді жаңа белестерге жеткізеріне сеніміміз мол. Еліміздің Тәуелсіздік жылдарыда жеткен жетістіктерінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауларында берген тапсырмаларын орындау жолында аянбай еңбек ете берейік. Тәуелсіздігіміз баянды, тұғырлы болсын!

Дәурен Досымұлы Ізтілеуов,
аудандық мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *