Еңбек адамы — ел мақтанышы

Жамал Өксікбаева

Өксікбаева Жамал 1962 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 1968 жылы аталған ауыл мектебіне қабылданып, орта мектепті 1978 жылы аудан орталығындағы №1 мектепті тәмәмдаған. 1979 жылы Жезқазған педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1981 жылы бітіреді. Арнайы жолдамамен Жезқазған педагогикалық институтының «География» факультетіне қабылданып, 1986 жылы аяқтады. Алғашқы еңбек жолын 1981 жылы Алғабас негізгі мектебінде бастауыш сыныптар мен география сабағынан дәріс беруден бастайды. 1984 жылы отбасын құрып, Талдыбұлақ орта мектебіне ауысады. Сол мектепте бастауыш сыныпта сабақ беріп, осы Талдыбұлақ ЖББМ-нен зейнетке шықты. Қазақстан педагогтар қауымдастығының төралқасының шешімімен ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *