Президент Жолдауы — кемел келешек кепілі

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының бірі саяси реформалары болып табылады.
Осы тұста Мемлекет басшысы қолға алған реформаларды жүзеге асыру үшін қабылданған барлық бағдарламалар 2026 жылға дейін, яғни алдағы 3 жылда жүзеге асу керектігін айтқан болатын. Осыған дейін бағдарламаларды ұзақ мерзімге қабылдайтын. Соның салдарынан кейбірі айтарлықтай нәтиже бере алмағанында көрдік.
Осы тұрғыдан қарағанда Президенттің аталған бағдарламалардың осындай қысқа мерзімде жүзеге асыруын талап етуі орынды. Себебі Мемлекет басшысы елдегі қолға алынып жатқан барлық саяси, экономиқалық өзгерістердің нәтижесін халық жақын арада көру керек дегенді жиі айтады. Соңғы кездері Үкімет тарапынан біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Осы орайда Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында АМANAT партиясының «Ауыл аманаты»жобасының негізінде шалғайдағы ауыл-аймақты дамыту мәселесін баса айтты. Осы жобаны қолға алуда біздің ауданда биыл қарқынды жұмыс атқарды деп айтып мақтануымызға болады, себебі биыл осы шалғайдағы ауылдарға көп балалы отбасыларына тұрғын үй салынып, қаншама отбасылар қуанышқа бөленуде. Ауылдарға дәрігерлік үлкен ғимараттар бой көтеріп, іске қосылды.Бізде өз Отбасылық кәсібімізбен осы бағдарламаға өз үлесімізді қосып аудан орталығынан 2 қабатты 8 пәтерді осы көп балалы отбасына салып, әкімдікке өткіздік. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасымен облыстан СПК «Ұлытау» арқылы беріліп жатқан 8,6 млн. тг. 2,5% несиенің Жаңаарқа ауданы бүгінгі күнге 85% игеруде. Бұл дегеніміз үш жылда кез-келген мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып, нәтижесін көруге болады деп нақты сеніммен айта аламын. Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне ат салысап аянбайық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды болғай!

Нұргүл Оқасқызы Орынбасарова,
Жеке кәсіпкер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *