Тәуелсіздік — азаттықтың алтын діңгегі

Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнін атап өтеді.Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Тәуелсіздік — азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші.
Тәуелсіз елдің қызы — өжет, ұлы — қайратты, халқы — қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік!Тәуелсіздік үшін Жәнібек пен Керейден бастап, Кеңесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады.
Барылығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай, талмай күресті.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, шын мәнінде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтын 32 жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп келеді.
Халқымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп, көксеген ата-бабамыздың арманыорындалған осы шақта елімізден бақыт, байлық пен берекесі сарқылмасын!

Амантай Нығатайұлы,
Қоғамдық кеңес төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *