Жаңа Жолдау, жаңа міндеттер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент Парламент, Үкімет, уәкілетті органдар және барлық мемлекеттік аппарат алдында ізденіс кезеңіндегі жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп, нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер қойды. Президент атап өткендей, елдің жаңа экономикалық бағытының айқындаушы қағидаттары әділдік, инклюзивтілік, прагматизм болады. Осы Жолдауда баяндалған міндеттер үш жыл ішінде іске асырылуы тиіс деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мемлекет басшысы республика деңгейде шұғыл шараларды талап ететін проблемалық мәселелерді нақты атап өтті. Ең маңыздыларының бірі –елдің энергетикалық қауіпсіздігі. Біздің еліміз басқа мемлекеттермен бірге электр энергиясының тапшылығын сезіне бастағаны жасырын емес, энергетика саласына елеулі қаржы құю қажет. Ірі нысандарға инвестиция салумен қатар, «жасыл технологияларды» белсенді енгізуді жалғастыру қажет. Атом электр станциясын салу тақырыбы да күн тәртібінен шықпайды. Еліміздің әлеуметтік маңыздылығы мен экологиялық қауіпсіздігін ескере отырып, Президент бұл мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды, осылайша әрқайсымызға дауыс беру арқылы өз көзқарасымызды білдіруге құқық берді. Бұл, әрине, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарын әлі есінде сақтайтын Қазақстан халқын қуантады.
Президент жылу және сумен жабдықтау мәселелеріне тоқталып, жақын арада жаңа Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет қайта құрылатынын айтты. «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» компанияларын қоса алғанда, су шаруашылығын басқарудың барлық жүйесі реформаланады. Соңғысы, өздеріңіз білетіндей, Астананы ғана емес, Ақмола облысының бір бөлігін де сумен қоректендіреді. Бұл кәсіпорынның проблемаларын облысымыздың бірқатар аудандарының тұрғындары қатты сезінді. Мемлекет басшысы айтқан реформаларды енгізе отырып, өңіріміздің және бүкіл еліміздің ең шалғай ауылдарында су мәселесі шешілетін болады деп үміттенеміз.

Жалғасбек Жәнібекұлы Сайлаубеков,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *