5 желтоқсан — Халықаралық волонтер күні.Мен волонтермін

Ауданымызда биылғы жылы үздік деп танылған Жаңаарқа жастарының волонтері Аружан Рысқалиқызы Тұрдалы. Аружан 2020 жылдан бастап пандемия кезінде Жаңаарқа жастарының волонтерлар ұйымына келіп, бірден «Ардагерім- ардағым», «Біз біргеміз», «Қайырымды ұрпақ» , «Таза әлем», «Жүректен жүрекке» акцияларға белсенді қатысып, ауданымыздың қайырымды жандардың демеушілігімен мұқтаж жандарға азық -түлік таратуға
өз үлесіп қосып келеді.
Волонтер болу – алдымен қоғамды сәл де болсын өзгертуге қадам. Әр адам өмірден негатив көре бергенше, “менің қолымнан не келеді?” деп сұрақ қойғаны жөн. Күніне бір сағат қоғамға тегін жұмыс істеу — әр адамның азаматтық борышы болуы керек деп ойлаймын. Иә, тегін жұмыс істесеңіз де, кейін жинаған тәжірибеңіз сізге екі еселеніп көмектеседі. Әлемге жақсылық нұрын шашу – өз қолымызда.
Бұған еріктіміз Аружанның «Волонтер болу – алдымен қоғамды сәл де болсын өзгертуге қадам» деген ойының дәлелі. Ақысы қайтпайтын жұмыс деп емес, көп тәжірибе мен керемет адамдармен тіл табыстыратын, жаңа бастамаға апаратын ғажап жол деп ұққан абзал. Қатарға қосыл, жас ерікті! Осы атаулы халықаралық волонтерлар мерекесімен барша жан ашыр еріктілерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Гүлзира Мадиева,
жастар ресурстық орталығының маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *