Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданымызда бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту, мәртебесін арттыру» тақырыбында аудан әкімдігінің акт залында семинар өтті. Семинарға мемлекеттік мекемелердің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мамандар және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қатысты.
Семинарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының 3.4 «Ортақ құндылықтар мен мәдениет» бөлімінің 114-тармағына сәйкес «Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру бағытында атқарылып отырған жұмыстары туралы бөлімнің бас маманы З.Тақауиева баяндама оқып, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы таныстырылып, межелі индикаторлар мен тілдік нормаларды сақтау ережелі туралы кеңес берілді. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, тіл үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру және патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт — дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеуде әр түрлі бағытта аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға ауданымыздың жастары, әр түрлі сала қызметкерлері, этнос өкілдері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. ШОБ өкілдері, ұлттық компания, банк, нотариус қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік желіде жариялатанын хабарлама мен ақпараттардың мемлекеттік тілде жүргізілуі жіті қадағаланып отырады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *