Прокурорлық қадағалаудың реформалануы тәуелсіздіпен қатар дамуда

6 желтоқсан Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні
Прокурорлық қадағалаудың реформалануы тәуелсіздіпен қатар дамуда

Қазақстан мемлекетінің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде прокуратураның орны мен рөлі өзгеріп отырды, яғни оның қызметі жаңа мазмұндармен толықтырылып, тұрақты түрде заңдылық пен құқық қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталды. Прокурорлық қадағалаудың реформалануы біздің тәуелсіздіпен қатар дамуда. Прокуратураның мақсаты мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру. Жоғары қадағалау Қазақстан Республикасының атынан заңдылықтың жай-күйіне тексеру, талдау, күшіне енген актілерді бағалау арқылы жүзеге асырылады. Ал, заңдылықтың жай-күйін тексеру, заңдылықтың сақталуын талдау, күшіне еңген актілерге бағалау жүргізу прокуратураның міндетті.
Прокуратура органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Прокуратура туралы» Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. Прокуратура органдары қылмыстық процестік,
азаматтық процестік заңдарында, әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекет мүддесін білдіреді.
Еліміздегі заң үстемдігі, қазіргі таңдағы азаматтардың конституциялық құқықтары прокурорлар қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Прокурорлық қадағалау қоғам өмірінің барлық саласын қамтиды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына сәйкес Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің 6 желтоқсан 1991 жылғы қаулысымен еліміздің тәуелсіз прокуратура органдары құрылған болатын, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 25 ақпан 2004 жылғы бұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні ретінде жарияланып, жыл сайын атап өту белгіленген.

Қ.Қ.Таттекенов,
Жаңаарқа ауданының прокуроры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *