Басты байлығымыз — тәуелсіздігіміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жол дауы ел дамуының басым бағыттарын белгілеп, экономикалық саясаттың жаңа моделіне көшудің нақты және
тиімді тетіктерін айқындады. Олар әділдік, инклюзивтік, тиімділік және ұсынылған шаралар экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған. Президенттің Жолдауында Қазақстанның әрі қарай әлеуметтік -экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына байланысты бірқатар стратегиялық маңызды міндеттер, халықты толғандырған мәселелерді шешу жолдары айтылды. Президент атап өткендей, басты байлығымыз — тәуелсіздігімізді сақтау, ұлттық бірегейлік негіздерін нығайту, еліміздің жақсаруына бағытталған жобаларды жүзеге асыру, үлес қосу — әрбір қазақстандықтың парызы. Еліміздің әрбір азаматы өзін дамытқанда ғана еліміз алға жылжиды.
Осы Жолдау да тек алға жылжуға, өзгеруге, алдағы бағыттардың орындалуына, халық игілігіне арналған. Барлық алға қойған мақсаттар іске аса берсін!

Зәмзәгүл Қоңырова,
Айнабұлақ ауылдық округ әкімдігінің жетекші маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *