Адам саудасы — бұл құлдықтың заманауи түрі

Әйелдер, ерлер мен балалар адам саудасының құрбанына айналады, соның ішінде оларды мәжбүрлі еңбекке зауыттарда, фермаларда және жеке үй шаруашылықтарында пайдалану, және мәжбүрлі түрде некеге тұру үшін бірқатар мақсаттарға жету үшін пайдаланады.
Адам саудасы — бұл құлдықтың заманауи түрі, жеке адамға да, мемлекетке де қарсы қылмыс болып табылатын адам құқықтарының бұзылуы. Адам саудасы-оның жиі құрбандарына қатысты зорлық-зомбылықтың бір түрі: әйелдер мен балалар. Адам саудасының алдын алудағы тағы бір маңызды қадам – заңнамалық шектеулерді қатаңдату және заң талаптарын орындау жағын қамтамасыз ету. Өйткені заңның дұрыс орындалмауы қылмыс санын арттыруға алып келеді. Қорытындылай келгенде, адам саудасының алдын алу және аталған қылмысқа қарсы ымырасыз күрес кез келген елдің, жеке азаматтардың назарындағы басты мәселелердің бірі болуы тиіс. Өйткені бұл адамның тағдыры, денсаулығы, өмірі, оның құқығының қорғалуы деген сөз. Адам баласы үшін бұлар ең басты құндылық.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *