Адал еңбек-адал азамат Еңбегі көптің өнбегі көп

Уалихан Жақыпұлы Қапбасов

Уалихан Жақыпұлы 1961 жылы ақпан айының 23 жұлдызында дүниеге келген.
Совхоз тараған уақыттарда 1995-1999 жылдары ауылда электр жарығы бірде болып, бірде болмай халықтар көп қиыншылық көрді. Қазіргі Орынбай ауылының электригі болып 1999 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істегеннен кейін электр жарығы қалыпты жағдайға түсті. Осы уақытқа дейін электр жұмысын мүлтіксіз, тиянақты атқаруда.
Бүгінгі күндері ауыл халқы барынша ізгі ниеттерін білдіріп, рақмет айтуды ұмытқан емес.
«Электрик бір-ақ рет қателеседі»,- деген сөз бар. Бұл жоғарғы, төменгі кернеулі тоқ жүйесімен жұмыс істейтіндерге үнемі техника қауіпсіздігін естен шығармау керектігін меңзеп тұр. Электр қуатының иісі жоқ, шуы жоқ, сондықтан қауіптің де қай тұстан келетінін бағамдауға асқан тәжірибе мен сақтық қажет. Биік бағаналарға шығарда өзіңде сенімділік, бойыңда жинақылық болмаса қиын, — дейді маман иесі. 
Уалихан Жақыпұлы электрик болып ғана қоймай совхоз уақытында 1985 жылдан бері совхоз тарағанша жүргізуші болып еңбек етіп, ауылдың экономикасының дамуына өз үлесін қосқан азаматтардың бірі.
Қазіргі таңда «Ауа» шаруа қожалығының жетекшісі. Еңбек еткен адамның ризық несібесі артады. Еңбек еткен адам ешқашан да, қор болмайтыны анық.
Уалихан Жақыпұлының еңбегі бағаланып, бейнетінің зейнетін көруіне тілектеспіз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *