Адал еңбек-адал азамат Еңбегі көптің өнбегі көп

Азамат Шалғынбайұлы Ынтықбаев

Азамат Шалғынбайұлы Ынтықбаев 1972 жылы Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтау ауылында дүниеге келген.
Азамат Шалғынбайұлы атақты шопан, әкесі Шалғынбай Ынтықбаевтың жолын жалғастырып, сол ауылда мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Осы жылдар ішінде бірнеше жетістіктерге жетті. Бүгінде ол “Батыр ауылы” және “Рамазан” шаруа қожалығының жетекшісі. Қазіргі таңда Шалғынбай ағамыздан қалған төрт түлікті жылдан-жылға көбейтіп жатыр. Оған қоса ауылдың қажетіне барынша көмектесіп, дамуына үлес қосып келеді.
Сондай-ақ, Жаңаарқа ауданының “Құрметті азаматы»атағын иеленіп, ҚР “Құрметті азаматы” және түрлі медальдармен марапатталған.
Азамат Шалғынбайұлынан тараған 1 ұл, 3 қызы бар.
Ұлы Рамазан Шалғынбаев ұлттық ат спортын және көкпар ойынын жаңғыртуға атсалысып жүрген санаулы спортшылардың бірі. Республика көлемінде өтетін сайыстарда Қарағандының намысын қорғап жүр. «Алтын тұғыр 2022» медалінің иегері. Атадан қалған кәсіпті жалғастырған Азаматтың әкесі де еліне елеулі тұлға болды. Айта кетсек, Шалғынбай Ынтықбаев шопан, Социалистік Еңбек Ері.
Жанаарқа ауданы Ақтау кеңшарының аға шопаны болып еңбек еткен. Бірнеше жыл қатарынан бағымындағы отарды шығынсыз сақтап, төл өсіруде және жүн қырқуда жоғары көрсеткіштерге жетті.
1965 жылы әр жүз саулықтан 113- тен қозы алды. Мал өсіруге сіңірген еңбегі үшін “Ленин” орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *