Адал еңбек-адал азамат Еңбегі көптің өнбегі көп

Жамангарина Назира Көшкенқызы

Назира Көшкенқызы Жамангарина 1968 жылдың 28 қарашасында С.Сейфуллин ауылдық округі, Жанаталап бөлімшесінде дүниеге келген.
Қарағанды Мемлекеттік Университетінде 1989-1994 жылдар арасында математика пәні мұғалімі мамандығын меңгеріп шыққан.
2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында қайта даярлаудың толық курсы информатика пәні мұғалімі мамандығын игерді.
1991 жылы Ынтымақ ЖББ мектебіне информатика және математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.
2009-2010 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2010-2011 жылдар аралығында мектеп психологы болса, 2014-2015 жылдары халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша тренері, 2017 жылы мектеп жүйе әкімішілігі, 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тренер болды.
Квалификациясы 2018 жылы эксперт-сарапшыға өткен өз мамандығының білікті маманы.
2016 жылы Қарағанды білім басқармасының Алғыс хаты, 2019 жылы «Roboland-2019» халықаралық жарысында 1 орын, 2021 жылы аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, 2023 жылы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық сайысынан 1 орын, 2023 жылы облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Жұбайы Сәтжан Беспаевпен 2 бала тәрбиелеп, өсірген үлгілі отбас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *