Адам саудасы ауыздықталуы тиіс

Адам саудасы.
Иә, зат емес-адам.
Бұл қалай деймісіз? Мәселен бұған бала немесе өзін-өзі жарнамалап, тәнін саудалағаны жатады. Оның ішінде мәжбүрлісі де бар. Адам саудасы – ауыр қылмыс, ғаламдық проблема. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлесіп күресуді қолға ала бастады. Бұл күрес өзіміздің өңірде де толастамайды. Жаңаарқа ауданында да жедел профилактикалық іс-шара өтуде. Мақсат – адам саудасының алдын алу, жолын кесу, әрі оны анықтау. Бұл сауда өте маңызды трансұлттық қылмыс және адамның құқығы мен бостандығын өрескел бұзу  әрекеті. Мұны көп жағдайда жеке адамға қатысты проблема дегенімізбен, бұл – жеке бастың ғана емес, мұндай қылмысқа жол беру – сол мемлекет құқығының өрескел бұзылуы. Бұл әр елдің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына және барша азаматтың өмірі мен әл-ауқатына төнген үлкен қауіп. Сондықтан бірлесіп күресуіміз қажет.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *