Еңбегі көптің, өнбегі көп

Қастерлі Әусебекқызы Жолдыбалина

Қастерлі Әусебекқызы 1962 жылы 15 желтоқсан күні Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған. 1979 жылы орта мектепті бітірген. 1981-1986 жылдары Жезқазған педагогикалық институтына филология факультетін түсіп, тәмамдайды.
1986 жылы 15 тамыздан бастап Ақтүбек орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінен сабақ беріп келеді. 1987 жылы Ғарифулла Тащановпен отбасын құрып, қазіргі уақытта төрт баланың ата-анасы.
Үлкені Жүзім Астана қаласында СЭС маманы.
Екінші баласы Аяулым өнер академиясын аяқтаған дәстүрлі әнші. ЦКЗ әншісі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы. «Қазақстан дауысы», «Мен қазақпын» тағы басқа атты ән жарыстарының жеңімпазы. «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Тақауда Көкшетау қаласында өткен «Арқанын Айбозы» атты Қожыбай Жахин атындағы Республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Отбасылы, бір баланың анасы.
Баян спорт саласын таңдады. КарМУды аяқтап, колледжде сабақ береді, дзюдодан спорт мастерлігіне кандидат. Дәл қазір мобилограф мамандығын қоса оқып, меңгеріп отыр. Спорт Федерациясында қызмет жасайды.                                                                                                                                                                                  Кенже қызы Ғазиза 6 жасынан Қарағанды қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп -интернатында оқып, 9 сыныптан сон, «Тәттімбет» атындағы өнер колледжінінің грант иегері атанды. Осында қыл-қобыз мамандығын алып шықты. 2023жылы, яғни биыл Астанадағы Өнер Университетінде қыл-қобыз мамандығын оқып жатыр. Бірнеше республикалық және халықаралық жарыстарының жеңімпазы. Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларындағы халықаралық турнирлерде бас жүлде алды.
Қастерлі Жолдыбалинаның шәкірттерінің алды Республикалық деңгейде жемісті еңбек етуде.
Жолдасы Ғарифулла жеке кәсіппен айналысады. Үлгілі отбасы, елге қадырлы жанұя.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *