Жолдаудың басты мақсаты – бір ұлт, бір тағдыр

Жыл сайын елімізде Президенттің кезекті жаңа Жолдаулары жолданылатыны белгілі. Айта кетсек, жолданған Жолдаудың басты мақсаты – бір ұлт, бір тағдыр, бір мемлекет болғаннан кейін, өткенімізге сараптама жасап, бүгін біз атқару керек істердің басын ашып, болашағымызға бағдар жасаймыз.

Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның сан түрлі бағыты мен бағдары көп.
Президенттің жолданған Жолдауын ел болып талқылау, мемлекет басшысының халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының бір көрінісі іспеттес дер едім.
Халық арасында Жолдау арқылы еліміздің сыртқы және ішкі экономикалық-саяи көзқарастарынан, сонымен қатар елдің бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінен елге ақпар беріледі.
«Жолдау» сөзінің түбірі «жол», яғни жол сілтеу деген мағынада екенін ескерсек, президентіміз әр жыл сайын жасаған Жолдауы арқылы болашаққа деген жоспарларын өз халқымен сырласуы, ақылдасуы деген сөз.

Ардақ Досаева,
Орынбай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *