Жолдаудағы орынды мәселелер

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау жариялау кезінде айтылған міндеттерді орындаудың нақты мерзімін белгіледі. «Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуы тиіс. Ал, аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Президент ауыл шаруашылығының өңдеу саласын жедел дамыту, су тапшылығы, қорғаныс өнеркәсібі және көлік саласы туралы бірқатар мәселелерге тоқталды. Мәселен, ауыл шаруашылық саласының техникасы 80 пайызға тозғанын сөз етті. 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екені айтылды. Жасанды интелектінің тиімді пайдалану білім экономикасының дамуына серпін болатыны сөз болды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке IT қызметтер экспортын 1 млрд. долларға жеткізуді тапсырды.

Айдана Сарманова,
№ 1 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *