ЖОЛДАУ- ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылдың 1 қыркүйегінде «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдаған болатын. Қазақстандық әрбір азаматтың көкейінде жүрген мәселені шешуге арналған кезекті Жолдау – ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама тың бастамаларды көтеріп берді. Жалпы елдің дамуын арттыру және жарқын болашақ орнату жолындағы негізгі бағыттарды атап көрсетті. Жолдауда халықтың әл-әуқатын көтеру, ел экономикасын, ауыл шаруашылық саласын, білім, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес салаларын қолдау шаралары қамтылған. Президент Жолдауын, жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі мен жолы деп білемін!

Т. Сәтбергенов,
Байдалы би ауылының жетекші маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *