Елдің болашағын бағамдаған — Жолдау

Қыркүйек айының алғашқы күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Жолдауын жариялады. Биылғы Жолдаудың мәні мен мазмұны Президент реформаларының логикасына толықтай сәйкес. Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, саясат және идеология салаларын бір-бірінен бөлмей реформалауға негізделген стратегиялық бағытты жүйелі түрде іске асырып келеді. Жолдауда Қазақстан экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы белгіленді. Бұдан бөлек, Президент бастамалары экономиканың бірқатар саласының жаңа ережелерін ұсынып отыр. Соның арқасында атқарушы билік жүйесі, орталық пен өңірлер арасындағы қарым-қатынас өзгереді, салықтық ынталандырудың, нормативтік-құқықтық реттеудің, инвесторлармен өзара іс-қимылдың жаңа шаралары енеді. Жаңа Жолдау экономикалық мәселелерді шешуге бағытталса да, онда әлеуметтік сипаттағы маңызды бастамалар бар. Атап айтқанда, жалақыны көтеру, жұмыспен қамту, балалар қауіпсіздігі, білім алудағы теңдік т.б. Жолдауда Президент банктердің экономиканы дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға атсалысуы керектігі жайында айтты. Олардың «қозғалыссыз жатқан» 2,3 триллион теңгелік активтерін экономикалық айналымға қосу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, осы активтерді иеленуге ниет танытқан бизнес өкілдерінің оны экономикаға қайтаруына мүмкіндік беретін ашық платформа құруын атап өтті.

Қанат Қожықаев,
аудан әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *