Жемқорлықпен бірлесе күресу қажет

Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктерімізде аз емес. Ал, шешімі күрделі мәселелерде бар. Ол –әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық бірақ бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Сыбайлас жеқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсын да алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму,нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін,елдің даму боллашағына айтарлықтай төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болды» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып,әрі жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын,құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын артыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда іс-қимыл керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында, біріңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністер деңгейін төмендету, мемлекет оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында» қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерменолардың пайда болуының алдын–алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып зұлымдықпен күресу болып табылады. ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа ААИ-сы мекемесінде азаматтарды қабылдау, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд ілініп, ҚР АШМ АӨК МИК-нің және ОАИ-ның мекен жайы, сенім телефондары, электрондық адрестері жөнінде ақпараттық мәліметтер ілініп қойылған.
Азаматтарды жеке қабылдау әр жұмыс күні сағат 16-00 ден 17-00 ге дейін.Қызметшілердің заңсыз іс-әрекетіне азаматтардың шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшік орнатылған. Егер мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзу фактілері анықталатын болса оны жою жөнінде дер кезінде іс шаралар қолданылады. Инспекция бойынша 2-75-02 сенім телефоны жұмыс істейді ол тоқсан сайын БАҚ-да жарияланып тұрады.

Е.С.Сыздықов,
«ҚР АШМ АӨК мемлекттік инспекция комитетінің Жаңаарқа
аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *