Жарқын болашаққа жол сілтер — Жолдау

Президенттің ұтымды ұсыныстарына сеніммен қараймыз Президентіміз өткен Жолдауларынан бері біршама жұмыстары істелініп, халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары жақсарғандығына тоқталды. Атап айтқанда, мұғалімдердің айлық жалақылары, дәрігерлердің жалақылары 2 есеге өскен, тұрғын үй мәселесі біраз жақсарған. Енді осы Жолдауындағы ұсыныстары да халыққа бір серпіліс болады деп ойлаймын. Себебі елдің экономикалық және тұрмыстық жағдайын көтеруіміз керек. Көптеген шешілмеген мәселе бар. Өткен Жолдаудан кейін де сауда-саттық саласы, шетелден келетін импорттық тауарлар артқан. Оның суммасына дейін тоқталды. Ал енді мына Жолдауда атом электростанциясын салу, ел экономикасын жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, су ресурсын үнемдеп пайдалану сияқты өзекті мәселелерге тоқталды. Бұларды шешу жолында халықтың ойыменен санасу керек екендігін де жеткізді. Осы Жолдауда айтылған әңгімелерді іске асыру, оған қолғабыс ету– алқымыздың міндеті. Алдағы уақытта Қазақстанның экономикасының көтерілуіне, яғни халықаралық тұрмыстық жағдайларын жақсаруына ел болып, жұрт болып жұмыс істеу керек деп ойлаймын. «Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз»,- деп айтқан Мемлекет басшысының сөзіне біз ел болып қашанда сеніммен қараймыз.

Сейітжан Қожаев,
Бидайық ауылының ақсақалы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *